Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi

54-бап. Жер қойнауын пайдалануда халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз ету

1. Жер қойнауын пайдаланушы заңда көзделген жұмыс жүргiзу қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi орындалуын, сондай-ақ авариялардың, жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк арулардың алдын алу және оны жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Егер адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызатын болса, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге тыйым салынады.

3. Жер қойнауын пайдалану кезiнде техникалық қауiпсiздiк және өндiрiстiк санитарлық ережелерi мен нормаларының сақталуына мемлекеттiк бақылауды өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қада Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiғалау және тау-кен қадағалауы жөнiндегi уәкiлеттi орган және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi талаптары мыналар болып табылады:

1) жұмысқа арнаулы дайындығы және мамандығы бар адамдарды, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға тиiстi арнаулы бiлiмi бар адамдарды жiберу;

2) тау-кен және бұрғылау жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киiмдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;

3) қауiпсiздiк талаптары мен санитарлық нормаларға сай келетiн машиналарды, жабды Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiқтар мен заттарды қолдану;

4) қопарғыш заттар мен қопару құралдарын, есепке алу және дұрыс сақтау, сондай-ақ оларды орнымен және қауiпсiз пайдалану;

5) жұмыстың технологиялық циклын қамтамасыз етуге қажет және қауiптi жағдайларды болжауға жеткiлiктi геологиялық, маркшейдерлiк және басқа бақылаулар кешенiн жүргiзу, қауiптi аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсiру;

6) кенiштiң атмосферасының жай-күйiн, ондағы оттегi мөлшерiн, зиянды және жарылғыш қауiптi газдар мен тозаңдарды ұдайы бақылау;

7) жұмысты жүргiзудiң қауiпсiз аймақтарының шектерiн аны Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiқтайтын техникалық құжаттамалары мен аварияларды жоюдың жоспарларын мәлiметтермен уақытылы толықтыру;

8) қатқыл пайдалы қазбалар кен орындарын игерудiң, мұнай, газ және жер асты суларының кен орындарын игерудiң және құрудың жобалары мен технологиялық сызбаларын жобалау жүйелерiн сақтау;

9) газдардың күтпеген жерден шығарылуын, судың, пайдалы қазбалардың және кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуiн, сондай-ақ тау соққыларын болжау және алдын алу жөнiндегi арнайы iс-шараларды жүзеге асыру.

5. Жұмысшылардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп туған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды адамдары ж Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауiпсiз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.



6. Жер қойнауын пайдалану операциялары әсер ететiн аймақтарда халықтың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп туған жағдайда тиiстi ұйымдардың басшылары бұл туралы жергiлiктi атқарушы органдарға кiдiрiссiз баяндауға мiндеттi.

6-1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар әсер ететiн аймақта халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi және халықтың денсаулығы мен өмiрi үшiн қауiпсiз жағдай жасалмайынша және төнген қауiп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану ж Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiөнiндегi операцияны қайта бастауға құқылы емес. Қауiптi болдырмау үшiн өзге шараларды қолдану мүмкiн болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қауiптi әсер ету аймағынан халық көшiрiлгеннен кейiн ғана жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды қайта бастауға құқылы.

7. Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережеге сәйкес құтқару қызметтерiмен қамтамасыз етiледi.

Тарау


documentbdlurnl.html
documentbdluyxt.html
documentbdlvgib.html
documentbdlvnsj.html
documentbdlvvcr.html
Документ Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi